date

Манчестер Юнайтед 40 млн фунтқа Матетаны сатып алуды жоспарлап отыр

Манчестер Юнайтед Матетаны 40 миллион фунтқа сатып алуды көздеуде
Манчестер Юнайтед клубы құрамын күшейту үшін жаңа футболшыларды іздеуде. Euro-football.ru агенттігінің жазуынша, клуб Кристал Пэлас шабуылшысы Жан-Филипп Матетаға қызығушылық танытуда.

28 жастағы Матетаға Англия Премьер-лигасының тағы екі клубы — Тоттенхэм және Ньюкасл да қызығушылық білдіруде. Қазіргі таңда Матетаның Кристал Пэлас клубымен қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың жазынына дейін жарамды.

Футболшы өз мансабын жаңа деңгейге көтергісі келгендіктен келісімшартты ұзартудан бас тартқан. Мамандар Матетаның трансферлік құны шамамен 40 миллион фунт стерлинг (46 миллион еуро) болуы мүмкін екенін айтуда.

Қазан айында Матета Франция ұлттық құрамасында дебют жасаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Манчестер Юнайтед 40 млн фунтқа Матетаны сатып алуды жоспарлап отыр