date

Арсенал Еуропаның топ-5 лигасында ең аз гол жіберді

“Арсенал” Европаның топ-5 лигаларында ең аз гол өткізді
Transfermarkt порталы Европаның ең мықты бес лига клубтары арасында ең жақсы қорғанысқа ие командалар рейтингін жариялады. Рейтингке Англия Премьер-лигасы, Германия Бундеслигасы, Испания Ла Лигасы, Франция 1-лигасы және Италия А сериясы клубтары енгізілген.

Бұл туралы Euro-football.ru хабарлады. Лондонның “Арсенал” клубы рейтингте бірінші орынды иеленді.

“Зеңбірекшілер” барлық жарыстарда өткізген 12 ресми ойында бар болғаны үш гол жіберген. Бұл голдардың тек біреуі ойыннан соғылған, оны “Манчестер Сити” шабуылшысы Эрлинг Холанд салған.

“Арсенал” әр ойында орта есеппен 0,25 гол жібереді. Екінші орында “Милан” клубы тіркелген.

Италиялықтар қарсыластарға төрт гол өткізіп алған. Алайда “Милан” осы уақытқа дейін “Арсеналға” қарағанда аз, яғни тоғыз ойын өткізген және бұл маусымда Еурокубоктарға қатыспайды.

Үшінші сатыны тағы бір италиялық клуб — “Рома” иеленді. Римдіктер тоғыз кездесуде бес гол жіберген.

Рейтингте төртінші орынды “Комо” клубы еншіледі, олар да тоғыз ойында алты гол өткізген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Арсенал Еуропаның топ-5 лигасында ең аз гол жіберді