
Лондонның «Арсенал» командасының бас бапкері Микель Артета қорғаушы Пьеро Инкапьені «Кристал Пэлас» үстінен 1:0 есебімен жеткен жеңістен кейін ерекше атап өтті. Эквадорлық футболшы қыркүйек айының ортасынан бері алаңға шыға алмаған еді.
Ол жарақатынан айығып, ойынның соңғы минуттарында алаңға қосалқы құрамнан шықты және командасына минималды басымдықты сақтап қалуға көмектесті. «Біздің жанкүйерлеріміз Инкапьені жақсы көретін болады, осы сөзімді ұмытпаңыздар.
Оның қайтадан ойнай алуы өте керемет. Оның агрессиясы мен мақсатқа ұмтылғыштығы әрбір іс-әрекетінен байқалды», – деді Артета журналист Фабрицио Романоға берген сұхбатында.
Пьеро Инкапье осы маусым басында Леверкузеннің «Байер» клубынан «Арсенал» сапына 52 миллион еуроға ауысқан еді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз