date

Манчини – "Ювентус"тың қосалқы жоспары

Манчини – "Ювентус"тың қосалқы жоспары
"Ювентус" бас бапкер Игор Тудормен қоштасты. Жексенбі күні "Лациоға" 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін, дүйсенбі күні клуб Тудордың отставкаға кеткенін ресми түрде жариялады.

"Ювентустың" бас бапкер қызметіне негізгі үміткер ретінде Лучано Спаллетти қарастырылуда. Алайда, Роберто Манчини де Турин клубы үшін қосалқы жоспар ретінде ойластырылуда.

Бұл туралы Transfer News Live танымал журналист Джанлука Ди Марциоға сүйене отырып хабарлады. Қазіргі уақытта "Ювентус" Италия чемпионаты турнир кестесінде сегізінші орында орналасқан.

Бірақ "қарт синьора" көшбасшы "Наполиден" бар болғаны 6 ұпай ғана қалып келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Манчини – "Ювентус"тың қосалқы жоспары