date

Гвардиола құрамдағы кезекті өзгерісті бастауға дайын...

Гвардиола құрамдағы кезекті өзгерісті бастауға дайын...

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола командада басталған ұрпақтар алмасуын жалғастыруды көздеп отыр. Оның айтуынша, бұл үдеріс жыл басында жас қорғаушы Абдуқодир Хусановтың келуімен жаңа деңгейге көтерілген және қазір клуб құрылымында тағы бірнеше маңызды өзгерістер күтілуде.

Жақындап келе жатқан қысқы трансферлік терезеде "қалалықтардың" құрамында үлкен ротациялар болады деп күтілуде. Сенімді дереккөздердің айтуынша, командадан кететіндер тізімінің жоғарғы жағында тәжірибелі жартылай қорғаушы Матео Ковачичтің есімі бар.

Хосеп Гвардиола футболшыға қаңтарда басқа клуб табуға кеңес бергені айтылады. Бұл шешімнің артында команданы жасарту және жылдамдық пен әмбебаптықты басымдыққа айналдыру мақсаты болуы мүмкін.

Ағылшын баспасөзі жазғандай, Ковачичке "Астон Вилла" мен "Вест Хэм" командалары қызығушылық танытқан. Олар 31 жастағы футболшының тәжірибесі мен алаңдағы тұрақтылығы арқылы жартылай қорғанысты күшейтуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Италияның ірі клубтарының бірі - "Милан" да бұрынғы "Реал" мен "Челси" ойыншысын тізіміне енгізгені хабарланды. Бір қызығы, Ковачичті Италияға көшуге көндіру міндеті оның ұлттық құрамадағы жерлесі және досы Лука Модричке жүктелген.

Матео Ковачич кәсіби мансабын "Динамо Загреб" сапында бастаған. Кейін "Интер," "Реал" және "Челси" сияқты үлкен клубтарда ойнады. 2023 жылы "Манчестер Ситиге" келіп қосылды.

Қазіргі уақытта ол трансферлік нарықта шамамен 20 миллион еуроға бағаланып отыр. Футболшының "қалалықтармен" жасалған қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың 30 июніне дейін жарамды.

Гвардиоланың бұл шешімі "Ситидің" болашақтағы бағыты айқын екенін көрсетеді: жас, ширақ және әмбебап құрам - клубтың басты басымдығы болып қала береді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола құрамдағы кезекті өзгерісті бастауға дайын...