АПЛ турының ең үздік футболшысы жарияланды

АПЛ турының ең үздік футболшысы жарияланды
Англия Премьер-лигасының 9-туры аясында аптаның ең үздік футболшысы анықталды. Бұл марапатқа "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Брайн Мбеумо лайық деп танылды.

Ол "Брайтонға" қарсы өткен үй кездесуінде дубль жасады. Бұл кездесуде "қызыл шайтан" командасы 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Англия чемпионатының 8-турында да аптаның ойыншысы "Манчестер Юнайтед" өкілі болған еді. Бұл жолы қорғаушы Гарри Магуайр осы марапатқа ие болған.

Қазіргі уақытта "Манчестер Юнайтед" Премьер-лига турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Команда бірінші орындағы "Арсеналдан" алты ұпайға қалып отыр.

Келесі турда "қызыл шайтан" командасы сырт алаңда "Ноттингем Форестке" қарсы ойнайды.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар