date

Де Брюйне мен Лукакудың жарақаттары ашуландырды

Де Брюйне мен Лукаку жарақаттары ашуын келтірді
“Наполи” бас бапкері Антонио Конте командасында туындаған жарақат мәселелері туралы пікір білдірді. Жақында жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне жарақат алып, шамамен үш-төрт ай алаңға шыға алмайды.

Маусым басында шабуылшы Ромелу Лукаку жарақат алған еді және осы уақытқа дейін қалпына келмеді. “Кейбір адамдар біздің мүмкіндіктеріміз шектеулі екенін ұмытады.

Кейбіреулер командамыз едәуір күшейіп жатыр деп ойлайды, тіпті Де Брюйне мен Лукакудың жарақаты бізге пайдасын береді деп айтатындар да бар. Бұл мүлдем мәнсіз сөз”, – деді Конте “Лечче”ге қарсы ойында 1:0 есебімен жеткен жеңістен кейін өткен баспасөз мәслихатында.

“Наполи” тоғыз турдан кейін 21 ұпай жинап, А Сериясының турнир кестесінде көш бастап тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Де Брюйне мен Лукакудың жарақаттары ашуландырды