date

А Сериясы президенті ойынды Аустралияда қорғады

Серия А президенті ойынды Австралияда қорғады
Серия А президенті Луиджи де Серво "Милан" мен "Комо" арасындағы ақпан айында Австралияда өтуі жоспарланған ойын туралы өз ойымен бөлісті. "Егер сіз футболшыдан сұрасаңыз, 20 сағат ұшып барып, чемпионат ойынын өткізгісі келе ме деп, ол әрине, бұл ақылға қонбайды деп айтады.

Егер сіз чемпиондық немесе Чемпиондар лигасындағы орын үшін таласып жатқан бапкердің пікірін сұрасаңыз, ол да бұған қарсы болады. Бірақ мәселе мынада: біз бүгінгі жұмыртқаны қалаймыз ба, әлде ертеңгі тауықты ма?

Кім спорт өнімін дамытқысы келсе, 5-10 жыл алға қарауы керек. Егер біз халықаралық лига болғымыз келсе, танымал емес шешім қабылдауға батылымыз болуы керек", – деді де Серво "Cronache di Spogliatoio" басылымына.

Естеріңізге сала кетейік, Испанияның Ла Лига чемпионатындағы "Вильярреал" мен "Барселона" арасындағы ойын АҚШ-та өтуі жоспарланған еді, алайда бұл жоба жүзеге аспады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » А Сериясы президенті ойынды Аустралияда қорғады