date

Барселона бір ойынынан 8 миллион еуро табуы мүмкін

Барселона бір ойыннан 8 миллион еуро табуы мүмкін
Каталонияның "Барселона" клубы Перу аймағында жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, "көгілдір-анар түстілер" жолдастық кездесу ұйымдастыру бойынша Оңтүстік Америка өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. Егер тараптар келісімге келсе, "Барселона" бұл ойында 7-8 миллион еуро көлемінде табыс табуы мүмкін.

Соңғы ойында Хави Эрнандес басқарған команда Ла Лига аясында "Реал Мадридке" қарсы алаңға шықты. "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен матчта каталониялықтар 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қазіргі кезде "Барселона" 22 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал "Реал Мадрид" 27 ұпаймен көш бастап келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Барселона бір ойынынан 8 миллион еуро табуы мүмкін