date

Влахович: Маусымда 100 гол соғуды қалаймын

Влахович: Маусымда 100 гол соғуды қалаймын
“Ювентус” шабуылшысы Душан Влахович “Удинезе”ге қарсы ойыннан кейін өз ойларымен бөлісті. Аталған кездесу Италия А Сериясының тоғызыншы турында өтіп, 3:1 есебімен “Ювентус” пайдасына аяқталды.

“Маусымда 100 гол соғуды қалар едім. Жанкүйерлерімізге қошеметтері үшін алғыс білдіремін.

Мен өзімді команданың көшбасшысы деп санамаймын. Бір жарым жыл ішінде бізде үш бапкер ауысты, бұл бәріміздің кінәміз.

Мырза Тудордың жасаған еңбегі үшін ризамын”, — деп Влаховичтың сөзін журналист Николо Скира келтірді. Ағымдағы маусымда сербиялық шабуылшы барлық турнирлерде 12 ойында алаңға шығып, 5 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.

1-қараша күні “Ювентус” сырт алаңда “Кремонезе”ге қарсы ойнайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Влахович: Маусымда 100 гол соғуды қалаймын