date

Реал УЕФА-дан 4,5 миллиард еуро талап етуде


Мадридтің "Реал" клубы УЕФА-ға қарсы талап арыз түсірмекші. Бұл туралы AS басылымы хабарлады.

Дереккөздерге сүйенсек, "корольдік клуб" Еуропа Суперлигасының жобасын ұсынушы A22 компаниясымен бірге елеулі қаржылық өтемақы талап етіп отыр. УЕФА-ға қарсы 4,5 миллиард еуро көлемінде талап арыз беру жоспарланған.

Бұл қаржы келтірілген залалды өтеу үшін сұралып отыр. Бұған дейін Мадрид соты УЕФА, Ла Лига және Испания Корольдік футбол федерациясының Суперлига жобасын тоқтату туралы берген апелляциялық шағымын кері қайтарған еді.

Содан кейін, жоба бастамашылары УЕФА-ға қарсы арыз түсіру құқығына ие болды. "Реал" қазір Ла Лига турнир кестесінде көш бастап тұр.

Соңғы ойында "корольдік клуб" "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Реал УЕФА-дан 4,5 миллиард еуро талап етуде