date

Верратти: ПСЖ-дан кейінгі өмірімде бақыттымын


Катардың "Al-Duhail" клубының жартылай қорғаушысы Марко Верратти Доха қаласындағы өмірі туралы өз әсерлерімен бөлісті. "Арадан екі жарым жыл өтті және мен өзімді барған сайын жақсырақ сезініп жүрмін.

Бұл керемет қала, өмір мұнда сәл жайырақ өтеді. Бұл маған қажетті нәрсе еді.

Мен отбасыммен уақыт өткізуден әлдеқайда көбірек ләззат алып жүрмін. Бұл жерде, сонымен қатар футбол тұрғысынан да, өзімді нағыз бақытты сезінемін", – деді Верратти Foot Mercato басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Верратти 2023 жылы ПСЖ клубынан кеткен болатын. Алғашында екі жыл Қатардағы "Al-Arabi" сапында ойнады, ал 2025 жылы "Al-Duhail" клубына ауысты.

32 жастағы италиялық жартылай қорғаушы өзінің мансабын сәтті жалғастыруда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Верратти: ПСЖ-дан кейінгі өмірімде бақыттымын