АПЛ-да айдың ең үздік жаттықтырушысы үміткерлері жарияланды

АПЛ-да айдың ең үздік жаттықтырушысы үміткерлері жарияланды

АПЛ-да айдың ең үздік бапкері үміткерлері жария етілді
Англия Премьер-Лигасында қазан айының ең үздік бапкері атағына үміткерлер жария етілді. Бұл тізім турнирдің ресми парақшасында жарияланды.

Марапат үшін төрт бапкер бақ сынауда: Микель Артета («Арсенал», 3 жеңіс), Рубен Аморим («Манчестер Юнайтед», 4 жеңіс), Андони Ираола («Борнмут», 2 жеңіс және 1 тең ойын), және Унай Эмери («Астон Вилла», 3 жеңіс). Жеңімпаз мамандар мен жанкүйерлер арасындағы дауыс беру нәтижесінде анықталады.

Ағымдағы маусымда «Кристал Пэлас» бапкері Оливер Гласнер мен «Ливерпульде» қызмет ететін Арне Слот айдың ең үздік бапкері деп танылған болатын.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар