Бернарду Силва Премьер-лигада португал рекордын жаңартты

Англия Премьер-лигасында жаңа тарихи нәтиже тіркелді. Португалия ұлттық құрамасының және Англияның “қалалықтар” клубының ойыншысы — Бернарду Силва футбол тарихына өз атын одан да берік жазды.
Жартылай қорғаушы кеше Лондонның “Челси” клубына қарсы өткен ойында алаңға шығып, Премьер-лигадағы жалпы ойындар санын 297-ге жеткізді. Осылайша, ол Премьер-лигада ең көп матч өткізген португалиялық футболшылар арасында абсолютті рекорд орнатты.
Бұрынғы көшбасшы Луиш Мортен (296 матч) енді екінші орынға түсті. Ол өз мансабында “Вест Хэм”, “Арсенал” және “Фулхэм” клубтарында өнер көрсетті.
Үздік үштікті футбол аңызы Криштиану Роналду түйіндейді. Ол “Манчестер Юнайтед” сапында Премьер-лигада 236 матч өткізген.
Бернардуның “Манчестер Сити” клубындағы жолы аяқталуы мүмкін деген хабарлар күннен-күнге көбейіп жатқаны да назар аудартады. Егер бұл орын алса, оның Премьер-лигадағы мұрасы одан әрі салмақты бола түседі.
Әзірге факт біреу — Бернарду Силва Португалия футбол тарихында да, Премьер-лига статистикасында да ерекше деңгейге әлдеқашан көтерілген.