date

Тухель Уэлбекті Англия құрамасына қайтаруы мүмкін

Тухель Уэлбекті Англия ұлттық құрамасына қайтаруы мүмкін
«Брайтон» шабуылшысы Дэнни Уэлбек Англия ұлттық құрамасына шақырылуы мүмкін. Үш арыстанның бас бапкері Томас Тухель 34 жастағы футболшының жетістіктерін бақылап отыр және оны қараша айындағы жиынға шақыру мәселесін қарастыруда.

Мәліметтерге сәйкес, бұрынғы «Манчестер Юнайтед» және «Арсенал» шабуылшысы қараша айының соңында 35 жасқа толады. Дэнни Уэлбек Англия ұлттық құрамасы сапында осы күнге дейін соңғы кездесуін 2018 жылғы қыркүйек айында өткізген еді.

Ағымдағы Англия Премьер-лигасы маусымында тәжірибелі футболшы «Брайтон» сапында 9 ойында 5 гол соға алды. Уэлбек «шайқалалар» командасында бес жылдан бері ойнап келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Тухель Уэлбекті Англия құрамасына қайтаруы мүмкін