date

Барселона қақпашысы алаңға қайта оралды

Барселона дарбазашысы алаңға оралуда
Барселонаның дарбазашысы Жоан Гарсия жарақаттан кейін жақын арада алаңға оралады деп күтілуде. 24 жастағы футболшы қыркүйек айының соңынан бері тізесіндегі жарақатына байланысты ойындарға қатыспаған еді.

Diario Sport хабарлауынша, Гарсия жаттығуларды бастаған және өзін жақсы сезінуде. Негізгі қақпашының қараша айындағы ұлттық құрамалар ойындары алдында толық жазылып үлгеруі де мүмкін.

Дереккөз мәліметінше, Гарсия "Эльче" және "Брюгге"-ге қарсы алдағы екі ойынды өткізіп жіберетіні анық, бірақ 9 қараша күні "Сельта"-ға қарсы кездесуде алаңға оралуы мүмкін. Дегенмен, бапкерлер штабы оның денсаулығына қауіп төндірмес үшін халықаралық үзіліс аяқталғанға дейін оны қосалқы құрамда ұстап тұру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Барселона қақпашысы алаңға қайта оралды