date

Al-Ahli Мұхаммед Салахтың трансфері бойынша түсініктеме берді

Al-Ahli Мухаммед Салах трансфері бойынша түсініктеме берді
Мысырдың "Al-Ahli" футбол клубының спорт директоры Саид Абдель Хафиз "Ливерпуль" командасының жұлдыз шабуылшысы Мухаммед Салахтың трансфері бойынша түсініктеме берді. "Мухаммед – әлемдік футболдың жұлдызы.

Оның жеткен жетістіктерін басқа африкалық футболшылар үшін қайталау өте қиын болады. Салах "Ливерпульмен" келісімшартын ұзартты, сондықтан ақиқатты шынайы қабылдауымыз керек.

Біз оның трансфері бойынша ешқандай келіссөздер жүргізген жоқпыз. Бұлардың бәрі – бұқаралық ақпарат құралдарының ойдан шығарғаны", – деп Goal.com Саид Абдель Хафиздің сөзін келтіреді.

33 жастағы мысырлық футболшының "қызылдармен" еңбек шарты 2027 жылдың жазында аяқталады. Салахтың трансферлік құны 45 миллион еуроны құрайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Al-Ahli Мұхаммед Салахтың трансфері бойынша түсініктеме берді