date

Гласнер тығыз кестеге наразылық білдірді


«Кристал Пэлас» бас бапкері Оливер Гласнер командасының алдағы қарқынды ойын күнтізбесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sky Sports. 11 желтоқсаннан 18 желтоқсанға дейін команда 4 матч өткізуі керек болады.

11 желтоқсан күні «Шелбурнға» қарсы Еурокубок кездесуі, 14 желтоқсан күні АПЛ аясында «Манчестер Ситиге» қарсы ойын, 16 желтоқсан күні Англия Лига кубогы ширек финалында «Арсеналға» қарсы кездесу және, ақырында, 18 желтоқсанда Конференциялар лигасы аясында KuPS командасына қарсы матч. Гласнер бұл күнтізбені естігенде таң қалғанын атап өтті.

«Мұндай мүмкіндік туралы естігенде құлағыма сенбедім. Біз футболшылардың денсаулығына жауаптымыз, бұл тек «Пэласқа» ғана қатысты емес.

Бұл туралы 3 ай бұрын айтқан едім. Жақсы болар еді, егер күнтізбені жасаушылар жазда бірге талқылағандарында», – деді Гласнер.

Қазір «Кристал Пэлас» АПЛ турнир кестесінде 13 ұпаймен оныншы орында тұр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гласнер тығыз кестеге наразылық білдірді