
Дортмундтың "Боруссия" командасы Германия чемпионаты аясында жұма күні "Аугсбург" үстінен минималды есеппен жеңіске жетті. Бұл ойында "араларға" жеңісті 37-минутта Серу Гирасси соққан жалғыз гол қамтамасыз етті.
Нико Ковач басқаратын команда осы маусымдағы Бундеслигада өткен тоғыз турдың алтауында өз қақпасын голдан аман сақтап қалуға қол жеткізді. Бұл көрсеткіш Еуропаның бес жетекші чемпионаты ішінде "Арсеналмен" тең нәтиже ретінде тіркелді.
Сонымен қатар, "Боруссия" жеті ойында бар болғаны алты гол жіберсе, "канонирлер" небәрі үш гол жіберген. Айта кету керек, "Боруссия" өз тарихында алғаш рет Германия жоғарғы лигасының алғашқы тоғыз ойынының алтауын "құрғақ" өткізді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар