date

ПСЖ қорғаушысы трансфер туралы қауесеттерді жоққа шығарды


ПСЖ-дың орталық қорғаушысы Лукас Бералдо клубтан кететіні жайлы әңгімелерге қатысты пікір білдірді. Әр түрлі дереккөздердің хабарлауынша, бразилиялық футболшы команданың негізгі құрамына енгісі келеді және осы себепті қаңтар айында Париж клубынан кетуге дайын.

Алайда 21 жастағы футболшы бұл ақпараттарды жоққа шығарды. "Мен туралы ПСЖ-ден кетемін деген жалған хабарларды көрдім.

Мен бұл жерде өте қуаныштымын. Мұндай клубта ойнау, оның түстерін қорғау – бұл өмірдегі орындалған арманым.

Мен бар назарымды жұмысқа аудардым және командаластарыммен бірге мақсаттарымызға жету үшін 100 пайыз күшімді жұмсап жүрмін", – деп Бералдоның сөзін келтіреді журналист Фабрицио Романо. Жас орталық қорғаушы 2024 жылдың басында Бразилияның "Сан-Паулу" клубынан ПСЖ-ға өткен еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » ПСЖ қорғаушысы трансфер туралы қауесеттерді жоққа шығарды