
“Барселона” бас бапкері Ханс-Дитер Флик жартылай қорғаушы Педридің жарақаты туралы пікір білдірді. 22 жастағы футболшы Мадридтің “Реал” командасына қарсы ойында 100-минутқа дейін ойнады, алайда екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
“Эль-Класико” матчынан кейін Педриде ауыр жарақат анықталып, оның сауығуы желтоқсан айының ортасына дейін созылуы мүмкін екені белгілі болды. “Педридің жарақаты бізді таңғалдырды.
Мадридтегі ойынынан кейін ол тек жеңіл жайсыздық пен шаршау ғана сезінген еді, алайда тексерулер мәселелерді анықтады. Бұған үйренуден басқа амал жоқ.
Әрине, біз негізгі ойыншыларымыздың бірінің жоқтығынан зардап шегеміз, бірақ оның тезірек қатарға қосылуына үміттенеміз”, – деді Флик баспасөз мәслихатында. Жексенбі күні “Барселона” Ла Лига аясында “Эльче” командасына қарсы үй матчін өткізеді.
Флик: “Педридің жарақаты бізді таң қалдырды”
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар