date

Бавария 18 минутта Байерді жеңді

Бавария 18 минутта Байерді жеңді
Бавария қараша айында да қарсыластарына ешқандай мүмкіндік бермей, өзінің жеңісті жолын жалғастыруда. Байерге қарсы ойында Бавария алғашқы таймда-ақ үш гол айырмасымен басымдыққа ие болды.

Ойынның 25-минутында Бавария қарсы шабуылға шығып, Серж Гнабри оң аяғымен допты қақпа торына тоғытты. Араға бар болғаны алты минут салып, алаң иелері шабуылды оңай ұйымдастырып, Конрад Лаймердің пасынан кейін Николас Джексон айып алаңынан дәл соққы жасап, есепті 2:0-ге жеткізді.

Патрик Шиктің соққысы сәл дәл болмай, доп қақпа бұрышынан өтіп кетті. Үшінші голды Бавария ойыншысы емес, Байер қорғаушысы Луак Баде өзінің қақпасына соқты.

Ол Рафаэль Геррейроның пасын қайтармақ болғанда, допты өз қақпасына бағыттап, есеп 3:0 болды. Екінші таймда Баварияның бірнеше шабуылы нәтижесіз аяқталды.

Сонымен бірге, ойын барысында тағы бірнеше мүмкіндік туындады, бірақ есеп өзгерген жоқ. Бұл жеңісімен Бавария екінші орындағы командадан бес ұпайға озып, көш бастап келеді.

Ал Байер лигада бесінші орында тұр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Бавария 18 минутта Байерді жеңді