date

«Бавария» Николас Жексонды 65 миллион еуроға сатып алмайтынын ресми түрде мәлімдеді

«Бавария» Никolas Jeksonni 65 million yevroga sotib olmasligini rasman e'lon qildi

«Бавария» клубы «Челсиден» жалға алынған шабуылшы Николас Джексонның болашағына қатысты түпкілікті шешім қабылдады. Мюнхендік басшылық сенегалдық футболшыны 65 миллион еуроға толық сатып алу құқығын пайдаланбауды жөн көрді.

Бұл туралы Goal.com хабар береді.

Клубтың спорт директоры Макс Эберл бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, 24 жастағы шабуылшы биылғы маусым аяқталғаннан кейін Лондонның «Челси» клубының қарамағына қайта оралады.


Мюнхендіктер футболшыны екінші рет жалға алуды да жоспарлап отырған жоқ.

Джексон биылғы маусымда Гарри Кейннің орнына шыққан ойыншы ретінде нәтижелі өнер көрсетті. Ол 29 матчта алаңға шығып, 10 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.


Атап айтқанда, оның соңғы бес ойында төрт гол соққаны мамандардың назарын аударған еді.

«Бавария» бас бапкері Винсент Компани футболшының еңбекқорлығын жоғары бағалағанымен, клуб басшылығы қаржылық стратегияны бірінші орынға қойды. Джексонның «Челсимен» келісімшарты 2033 жылға дейін жарамды, әрі оның Германиядағы сәтті ойыны өзге Еуропа клубтарының қызығушылығын тудыруы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Бавария» Николас Жексонды 65 миллион еуроға сатып алмайтынын ресми түрде мәлімдеді