Мареска: Кайседо және Родри әлемдегі ең үздіктер

«Челси» бас бапкері Энцо Мареска «Тоттенхэмге» қарсы ойынынан кейін жартылай қорғаушы Мойсес Кайседоны жоғары бағалады. Кездесуде «көкдер» алаң иелерін минималды есеппен жеңді.
24 жастағы эквадорлық футболшы 34-минутта Жоау Педроның голына пас берді және бұл матчтағы жалғыз гол болды. «Кайседо тағы да өзінің қаншалықты мықты екенін көрсетті.
Ол жоғары деңгейдегі футболшы. Оның ең жақсы қасиеті – қарапайымдылығы.
Тамаша жігіт, әрдайым барлық адамға көмектесуге дайын. Ол және Родри – әлемдегі ең үздік тірек жартылай қорғаушылар», – деді Мареска Football.London басылымына берген сұхбатында.
«Челси» 10 турдан кейін 17 ұпай жинап, Премьер-Лига турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз