date

Анчелотти Модричтің 'Милан'дағы жетістігін бағалады


Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 40 жастағы Лука Модричтің "Милан"-дағы ойынын жоғары бағалады. Италиялық маман хорват жартылай қорғаушысымен Мадридтің "Реал" клубында бірге жұмыс істеген.

Екеуі де биылғы жылдың жазында "корольдік" клубтан кетті. "Модричтің жетістіктері мені таңқалдырмайды.

Ол "Реал"-да ешбір жаттығуды жіберген жоқ. Оның генетикасы өте жақсы, қарым-қатынасы дұрыс, тәжірибесі мен мінезі мықты – бұл оған 40 жасында да ең үздік жартылай қорғаушылардың бірі болып қала беруге көмектеседі.

"Милан" үшін бұл тамаша трансфер", – деді Анчелотти Tuttosport басылымына берген сұхбатында. Жуырда Лука Модрич А Серияда айдың үздік футболшысы деп танылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Анчелотти Модричтің 'Милан'дағы жетістігін бағалады