Влахович "Ювентус" мәселесін мойындады

Влахович "Ювентус" мәселесін мойындады

Влахович "Ювентустың" мәселесін мойындады
«Ювентус» бас бапкер ретінде тағайындалған Лучано Спаллеттидің алғашқы ойынында сырт алаңда «Кремонезеге» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Турин клубына жеңіс әкелген голдарды Филип Костич пен Андреа Камбьясо 2-ші және 68-ші минуттарда соқты.

Ал алаң иелері сапында 83-ші минутта Джейми Варди өз есімін таблода көрсетті. «Мен екінші таймда біздің қате көзқарасымыз болды деп айтпас едім – бұл көбіне дұрыс емес әдеттерге байланысты.

Біз ешқандай нақты себепсіз тым терең қорғанысқа шегініп кеттік. Жеңіс өте маңызды болды.

Тактикаға келсек, бұл бапкердің шешімі – мен бәріне дайынмын», – деді Душан Влахович италиялық журналистерге. Еске сала кетсек, Лучано Спаллетти «Ювентус» бас бапкері қызметіне бұған дейін отставкаға кеткен Игор Тудордың орнына тағайындалған еді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар