Ламин Ямалдың денсаулығы әлі де алаңдатады

Ламин Ямалдың денсаулығы әлі де алаңдатады
«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Ламин Ямалдың денсаулығы туралы ақпарат берді. 18 жастағы вингер Ла Лигада өткен жексенбі күнгі «Эльче» командасымен болған ойында каталониялықтардың алғашқы голын соғып, командасының 3:1 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.

«Ламин – тәртіпті футболшы, оның жағдайы тұрақты, бірақ мәселе шешілген жоқ, емделуді жалғастыру керек. Ол белгіленген кеңестерге құлақ асып жүр, бірақ өкінішке орай, ол әлі де қолайсыздық сезінуде», – деді Флик ойыннан кейінгі сұқбатында.

Белгілі болғандай, Ламин Ямал әлі де шап аймағындағы ауырсынудан зардап шегуде және операциядан бас тартып отыр.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар