
Германияның "Бавария" футбол клубының президенті Герберт Хайнер клуб мүшелерінің жылдық жалпы жиналысында қайта сайланды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады.
Жиналысқа қатысқандардың көпшілігі (95,63 пайыз) Хайнердің тағы бір мерзім президенттік қызметін жалғастыруына дауыс берді. Хайнер 2019 жылы "Баварияның" қазіргі құрметті президенті Ули Хёнесті алмастырған болатын.
"Бұл лауазым мені үлкен жауапкершілікке бөлейді және осындай ерекше клубтың президенті болып қалу мен үшін үлкен құрмет", – деді Хайнер қайта сайланғаннан кейін. Хайнердің басшылығымен "Бавария" командасы 6 рет Бундеслигада, 2 рет Германия кубогында, 4 рет Германия Суперкубогында жеңіске жетті.
Сондай-ақ, 2020 жылғы тарихи маусымда Чемпиондар Лигасы, УЕФА Суперкубогы және Клубтар арасындағы Әлем чемпионатында чемпион атанды.
Герберт Хайнер тағы да "Бавария" президенті болып сайланды
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар