
Испания құрамасы мен «Барселонаның» бұрынғы футболшысы Жорди Альба «Астон Вилла» бас бапкері Унаи Эмери туралы пікір білдірді. Альба Эмеримен «Валенсияда» бірге жұмыс істеген кезін еске алып, өзінің мансабындағы маңызды өзгерістерді дәл осы бапкермен байланыстырды.
«Менің футболшы ретіндегі мансабымда негізгі тұлға Эмери болды. Ол менің алаңдағы позициямды өзгертіп, дамуыма үлкен үлес қосты.
Бастапқыда қорғаныста ойнағым келмеді, бірақ Унаи осындай шешім қабылдады. Оның көмегімен мен сәтті мансапқа қол жеткіздім», – дейді қорғаушы Tribal Football басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Жорди Альба 2023 жылдан бастап АҚШ-тың «Интер Майами» клубында доп теуіп жүр. Қазіргі маусымның соңында ол футболшы ретіндегі мансабын аяқтауды жоспарлап отыр.
Жорди Альба үшін негізгі бапкер кім екенін айтты
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар