date

Arsenal-дың айдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлері белгілі

«Арсеналдың» айдың ең үздік футболшысы үміткерлері белгілі
Лондонның «Арсенал» командасында қазан айының қорытындысы бойынша ең үздік ойыншы атағы үшін төрт футболшы таласады. Олар қорғаушылар Юрриен Тимбер мен Габриэл дос Сантос, жартылай қорғаушы Деклан Райс және шабуылшы жартылай қорғаушы Букайо Сака болады.

Еске сала кетейік, «Арсенал» командасы ресми жарыстарда 28-қыркүйектен бері өз қақпасына гол кіргізген жоқ. Сол кезде «канонирлер» сырт алаңда «Ньюкасл» командасына қарсы ойында гол жіберіп алған болатын.

Содан бері команда қорғанысы ешбір рет әлсіздік танытқан емес. Англия Премьер-Лигасының турнир кестесінде қазіргі кезде «Арсенал» бірінші орынды алып тұр және 25 ұпайға ие.

Екінші орындағы командамен айырмашылық алты ұпайды құрайды. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде болса «Арсенал» тоғыз ұпаймен төртінші орында келе жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Arsenal-дың айдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлері белгілі