date

Манчестер Юнайтед 100 млн еуро ұсыныс жасап жатыр

Манчестер Юнайтед 100 млн евро ұсынуда
Манчестер Юнайтед «Брайтон» жартылай қорғаушысы Карлос Балебаны сатып алу жоспарынан бас тартқан жоқ. Клуб бұл футболшыны өткен жазда да құрамға қоспақ болған, алайда «Шағалалар» өз жұлдызын сатуға келісім бермеген еді.

Indykaila News мәліметтеріне қарағанда, қазіргі таңда тараптар камерундық футболшының 2026 жылы Манчестер Юнайтедке ауысуы мүмкіндігін талқылап жатыр. Англия клубы 21 жастағы Балеба үшін 90 миллион фунт стерлинг (шамамен 103 миллион еуро) төлеуге дайын.

Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, футболшының қазіргі бағасы 60 миллион еуроға тең. Балебаның «Брайтон»-мен қолданыстағы келісімшарты 2028 жылға дейін жалғасады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Манчестер Юнайтед 100 млн еуро ұсыныс жасап жатыр