
Дортмундтың "Боруссия" клубы неміс жартылай қорғаушысы Юлиан Брантпен жаңа шартнамаға қол қоюға шешім қабылдады. Бұл туралы Sky Germany хабарлайды.
Еске сала кетейік, Бранттың қазіргі шартнамасы 2026 жылдың жазыңа дейін есептелген. Клуб басшысы Себастьян Кель және бапкер Нико Ковач футболшының шартнамасын ұзартуды қолдап отыр.
Әсіресе, Ковач бас бапкер болып келгеннен кейін Бранттың ойын деңгейі айтарлықтай артты. Шабуылшы жартылай қорғаушы клубтың вице-капитандарының бірі саналады.
Ол негізгі құрамда алаңға шықпаса да, соңғы апталарда қосалқы құрамнан шығып, маңызды рөл атқаруда. Биылғы маусымда 29 жастағы футболшы барлық жарыстарда 13 ойынға қатысып, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз