date

«Ливерпуль» кеше «Реалды» жеңіп, рекорд орнатты

"Ливерпуль" кеше "Реал"ді жеңіп, рекорд орнатты
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Ливерпуль" өз алаңында Мадридтің "Реал" клубын 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды аргентиналық жартылай қорғаушы Алексис Макаллистер соқты.

Stata Football мәліметінше, "Ливерпуль" "Реалға" қарсы ойындарда ең көп "құрғақ" жеңіс тіркеген клуб болып табылады. Мерсисайдтықтар Чемпиондар лигасы аясында қарсыластарын бес рет жеңіп, қақпасын аман сақтап қалған.

Кеше жеткен жеңістен кейін Арне Слот шәкірттері турнир кестесінде тоғыз ұпай жинап, алтыншы орынға көтерілді. Келесі турда "Ливерпуль" өз алаңында Нидерландтың ПСВ клубына қарсы ойын өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » «Ливерпуль» кеше «Реалды» жеңіп, рекорд орнатты