date

Le Norman 2 ай алаңға шыға алмайды

Ле Норман 2 ай алаңға шыға алмайды
Мадридтің "Атлетико" клубының орталық қорғаушысы Робен Ле Норман тізесінен алған жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Ле Норман Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында Бельгияның "Юнион Сент-Жиллуаз" командасына қарсы ойында жарақат алған. Ол бұл кездесуде небәрі 26 минут ойнады.

Кейін футболшыда жамбас бұлшықетінің жартылай жарғақшасы зақымданғаны және тізе буыны капсуласы жарақаттанғаны анықталған. Қазіргі мәлімет бойынша, 28 жастағы футболшы 1-2 ай қатардан шығады.

Осы маусымда Ле Норман 14 ойында алаңға шығып, 2 гол соққан және 4 сары қағаз алған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Le Norman 2 ай алаңға шыға алмайды