Роналду: "Фергюсон әрдайым жүрегімде қалады"


“Әл-Наср” шабуылшысы Криштиану Роналду өз уақытында "Манчестер Юнайтед" командасында бірге жұмыс істеген Алекс Фергюсон туралы пікір білдірді. "Алекс Фергюсонмен әлі де сөйлесесің бе?" деген сұраққа Роналду былай деп жауап берді: "Мен оны Манчестерде өткен Чемпиондар Лигасының финалында көрдім.
Бұрын біз көбірек байланысып тұратынбыз – ол тіпті маған шай ішуге үйге келген. Ол шайды сүтпен ішеді.
Ол өте жақсы адам. Фергюсон әрдайым менің жүрегімде қалады.
Ол маған өмірімде де, мансабымда да үлкен көмек көрсеткен", – деді Роналду Пирс Морганмен сұхбатында. Ақпарат үшін, сэр Алекс Фергюсон 2013 жылы зейнетке шыққан.
Шотландиялық маман "Манчестер Юнайтед" командасында шамамен 27 жыл қызмет атқарған.

















Пікірлер 0
…