date

Симеоне Хулиан Альваресті жоғары бағалады


Мадридтің "Атлетико" клубының бас бапкері, аргентиналық маман Диего Симеоне шабуылшы Хулиан Альварестің The Best сыйлығының үміткерлері тізіміне енгізілмегенін түсіндірді. "Хулиан керемет футболшы.

Ол "Атлетико" үшін өте маңызды ойыншы. Оны әлем футболының ең үздік шабуылшыларының бірі деп атауға болады.

Үміттенемін, Альварес біздің клубқа үлкен пайдасын тигізуді жалғастырады", - дейді бапкер beIN Sports басылымына берген сұхбатында. Испания чемпионатының ағымдағы маусымында 25 жастағы шабуылшы 11 кездесуге қатысып, 7 гол және 2 нәтижелі пас берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Симеоне Хулиан Альваресті жоғары бағалады