date

Гвардиола: “Ливерпуль” чемпион, “Арсенал” емес

Гвардиола: “Ливерпуль” чемпион, “Арсенал” емес
“Манчестер Сити” бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия Премьер-лигасының қазіргі чемпионы “Ливерпульмен” болатын ойын туралы пікір білдірді. “Қалалықтар” бүгін өз алаңында “қызылдарды” қабылдайды.

Кездесу Мәскеу уақытымен 19:30-да басталады. “Біз чемпионмен ойнаймыз.

“Ливерпуль” чемпион, “Арсенал” болса чемпион емес. Олар бұл жерге өз атағын қорғау үшін келеді.

Бұл біздің өз деңгейімізді көрсету мүмкіндігіміз. Мен ойынды асыға күтіп отырмын”, – деді Гвардиола “City Report” берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта “Арсенал” 11 ойыннан кейін 26 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. “Манчестер Сити” мен “Ливерпуль” бір ойын кем өткізіп, тиісінше 19 және 18 ұпаймен артта келеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Гвардиола: “Ливерпуль” чемпион, “Арсенал” емес