
Челси клубының қорғаушысы Аксель Дисаси ағымдағы маусымның соңына дейін клубта қалуы екіталай. Франциялық футболшы бұл маусымда "көк" сапында бірде-бір кездесуде алаңға шыққан жоқ.
Бас бапкер Энцо Мареска оны құрамнан шеттеткен. Журналист Санти Аунаның мәліметіне сәйкес, 27 жастағы футболшы қысқы трансфер терезесі ашылғанда, яғни қаңтар айында клубтан кетуі мүмкін.
Лондон клубының бапкері оны негізгі командаға қайта қосуды жоспарлап отырған жоқ. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, Аксель Дисасидің трансфер құны 18 миллион евроға тең.
Челси оны 2023 жылдың жазында Монакодан 45 миллион еврога сатып алған болатын. Қазіргі уақытта Лондон клубы Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 11 турдан кейін үшінші орынды иеленуде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар