date

Симеоне Менди трансферін жоспарлауда

Симеоне Менди трансферін жоспарлауда
Мадридтің "Реал" клубының қорғаушысы Ферлан Менди "Атлетико" командасының қызығушылық тізіміне ілікті. 30 жастағы футболшы ағымдағы маусымда "қаймақтар" сапында бірде-бір ойынға қатысқан жоқ.

Ол Альваро Каррерас және Фран Гарсиямен жарыста мүмкіндікті қолдан жіберуде. El Nacional басылымының мәліметінше, "Атлетико" бас бапкері Диего Симеоне француз қорғаушысын өз командасында көргісі келеді.

Аргентина құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Мендиді трансферлік мақсаттарының бірі ретінде белгілеп қойған. Алайда Мендидің "Реалдан" "Атлетикоға" өтуі екі команданың арасындағы ежелгі бәсекелестік себебінен қиындауы мүмкін.

"Атлетико" жанкүйерлерінің "Реалдан" келген футболшыны жылы қабылдауы екіталай. Transfermarkt порталы Мендидің трансферлік құнын 10 миллион еуро деп бағалауда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Симеоне Менди трансферін жоспарлауда