date

«Реал Мадрид» қорғаушысы Ферлан Менди бес айға қатардан шықты

«Реал Мадрид» қорғаушысы Ферлан Менди бес айға саптан шықты

«Реал Мадрид» клубының қорғаушысы Ферлан Менди алған ауыр жарақатына байланысты ағымдағы маусымның қалған бөлігін өткізіп алады. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

Франциялық футболшы «Эспаньолға» қарсы ойынның алғашқы он минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Медициналық тексеру нәтижесінде Мендидің оң аяқ тізесіндегі сіңірі үзілгені расталды.

Клуб дәрігерлері футболшыға ота жасау ең дұрыс шешім екенін атап өтуде.

Егер ота жасалса, оның қалпына келу процесі шамамен бес айға созылады және ол жазғы жиындарды да өткізіп алады.

Бұл Мендидің ағымдағы маусымдағы бесінші жарақаты, ол осы уақытқа дейін бар-жоғы тоғыз ойында 448 минут өнер көрсетті.

«Реал Мадрид» соңғы екі маусым бойы футболшылардың физикалық жағдайы мен жарақаттарға байланысты күрделі мәселелерге тап болуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » «Реал Мадрид» қорғаушысы Ферлан Менди бес айға қатардан шықты