
Наполи клубының бұрынғы шабуылшысы Штефан Швох клубтағы дағдарыс жайлы өз пікірін білдірді. Аталған дағдарыс "Наполи" бас бапкері Антонио Конте мен футболшылар арасындағы келіспеушіліктерге байланысты.
«Конте мен футболшылар арасында қарама-қайшылықтар бар, алайда мұның объективті себептері де бар: команданың физикалық дайындығы төмен деңгейде және жарақаттар көп кездесуде. Менің ойымша, клуб оған сенім білдіруін жалғастыруы керек.
Кеше ғана олар оны командаға әкелуді қатты қалаған еді, бүгін Конте әділетсіз және тым асыра сыналып жатыр», — деді Швох calcionapoli1926.it басылымына берген сұхбатында. Айта кетсек, Антонио Конте 2024 жылдан бастап "Наполи" командасының бас бапкері ретінде қызмет атқарып келеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар