date

Барселонаның бұрынғы футболшысы алаяқтықта күдікке ілінді


«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы және Испания құрамасының мүшесі Андрес Иниеста алаяқтық схемаларға қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы ESPN журналистері хабарлады.

Дереккөзге сәйкес, «көктіңар түстілердің» аңызы Перу прокуратурасы тарапынан тергелуде. Мәліметтер бойынша, Иниестаның қатысуымен бірнеше кәсіпкерлер 600 мың АҚШ долларынан астам шығын көрген.

Оның беделі спорттық және музыкалық шоуларды қаржыландыру үшін кәсіпкерлерді сендіру мақсатында пайдаланылған, алайда шоулардың көпшілігі өткізілмеген. Андрес Иниеста футболшы ретінде мансабының негізгі бөлігін «Барселона» клубында өткізген.

Кейін ол «Виссел Кобе» және «Эмиратс» командаларында да ойнаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Барселонаның бұрынғы футболшысы алаяқтықта күдікке ілінді