date

Ливерпуль Салахқа орынбасар тапты – 80 млн еуро

Braайтон ойыншысы Янкуба Минте жайлы жаңалық
Брайтонның 21 жастағы шабуылшы қорғаушысы Янкуба Минте мансабын басқа ағылшын клубы құрамында жалғастыруы мүмкін. Football Insider журналының мәліметінше, қазіргі Англия чемпиондары "Ливерпуль" бұл футболшыны өз қатарына қосуға қызығушылық танытып отыр.

"Қызылдар" Минтені Мысырлық жұлдыз Мұхаммед Салахтың орнын басатын ойыншы ретінде қарастыруда. Ал Брайтон африкалық футболшы үшін шамамен 80 миллион еуро сұрап отыр.

Осы маусымда Янкуба Минте Брайтон сапында 12 ойын өткізіп, 1 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Футболшының Брайтонмен қолданыстағы келісімі 2029 жылдың жазына дейін жасалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Ливерпуль Салахқа орынбасар тапты – 80 млн еуро