date

ПСЖ қорғаушымен келісімшартты ұзартты


Эквадорлық қорғаушы Вильян Пачо ПСЖ клубымен жаңа еңбек келісімшартына қол қойды. Бұл туралы RMC Sport хабарлады.

Дереккөзге сәйкес, 24 жастағы футболшы Париж клубымен келісімшартын 2030 жылға дейін ұзартқан. Жаңа келісім бойынша Пачоның жалақысы артатын болады.

Ресми жарияланым бірнеше апта ішінде күтілуде. ПСЖ Пачоны 2024 жылы "Айнтрахт" клубынан сатып алған болатын.

Ағымдағы маусымда қорғаушы барлық жарыстарда 13 матчқа қатысып, бір гол соғуға қол жеткізді. Белгілі Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Пачоның трансферлік бағасы 65 миллион еуро деп бағалануда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » ПСЖ қорғаушымен келісімшартты ұзартты