date

Родри «Манчестер Ситимен» келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты

Родри "Ман Ситимен" келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты

Испания құрамасының мүшесі Родри «Ман Ситимен» қолданыстағы келісімін ұзартты. Жартылай қорғаушы қол қойған жаңа бес жылдық келісімшарт оны 2027 жылға дейін «Этихад» стадионында қалдырады.

Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

26 жастағы футболшы 2019 жылы Мадридтің «Атлетико» клубынан 62,8 миллион фунт стерлингке трансфер жасалған болатын. Ол өткен уақыт ішінде Пеп Гвардиола командасының негізгі тұлғаларының біріне айналды және қатарынан екі рет Англия Премьер-лигасының чемпиондығын жеңіп алды.

«2019 жылы "Ситиге" қосылу мансабымдағы ең жақсы шешім болды. Бұл жерде өткізген әрбір сәтімнен ләззат алдым.

Біз үлкен жетістіктерге жеттік, бірақ бұл жеңістер менің жеңіске деген құштарлығымды одан сайын арттырды. Үлкен жүлделерді ұта бастағаннан кейін, тоқтағың келмейді», — деді Родри.

Гвардиола испаниялық футболшының команда болашағындағы орнын жоғары бағалаған. Родри өткен маусымда Фернандиньомен бәсекеде жеңіске жетіп, тірек жартылай қорғаныс орталығында тұрақты орынға ие болды.

Бразилиялық ардагер футболшы жазда клубтан еркін агент ретінде кетті.

Жаңа маусымда Родри үшін бәсекелестік одан сайын күшейеді деп күтілуде. Себебі «қалалықтар» құрамына «Лидстен» 42 миллион фунтқа Англия құрамасының мүшесі Калвин Филлипс келіп қосылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Родри «Манчестер Ситимен» келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты