date

АПЛ клубы Реал шабуылшысы үшін 20 млн еуро ұсынып отыр


Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Гонсало Гарсия Англия Премьер-Лигасына ауысуы мүмкін. "Астон Вилла" клубы 21 жастағы испандық футболшыға қызығушылық танытып жатқаны туралы журналист Экрем Конур хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, "Астон Вилла" жас шабуылшы үшін 20 миллион еуро ұсынуға дайын. Гарсияға сондай-ақ Испания Ла Лигасы мен Италия А Сериясының бірнеше клубтары да қызығушылық білдіруде.

Бұған қоса, басқа АПЛ командалары да футболшыны бақылап отыр. Transfermarkt порталының мәліметіне сәйкес, Гонсало Гарсияның нарықтық құны 15 миллион еуроны құрайды.

Ағымдағы маусымда ол Хаби Алонсоның басшылығындағы команда құрамында барлық турнирлерде 9 ойынға қатысып, 1 нәтижелі пас берген. Футболшының "Реалмен" жасасқан кәсіби келісімшарты 2030 жылға дейін жарамды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » АПЛ клубы Реал шабуылшысы үшін 20 млн еуро ұсынып отыр