2026 жылғы ӘЧ-нің мықты командалары анықталды

2026 жылғы ӘЧ-нің мықты командалары анықталды
2026 жылғы Әлем чемпионатына 42 құрама жолдама алды. Наурыз айында UEFA-ның плей-офф ойындары және құрлықаралық кездесулер арқылы тағы 6 құрама анықталады.

Белгілі Goal порталы Әлем чемпионатына шыққан 42 құраманы күшіне қарай рейтингке қойды. Рейтингтің бірінші сатысында Англия құрамасы орналасқан.

Goal сарапшылары Томас Тухель басқарған бұл құраманы ӘЧ-2026-ның басты фавориті деп санайды. Екінші орынды қазіргі Әлем чемпионы – Аргентина иеленді.

Үштікті Еуропа чемпионы Испания аяқтады. Одан кейінгі ондықта Франция, Португалия, Нидерланд, Германия, Норвегия, Марокко және Жапония құрамалары бар.

Бразилия құрамасы тек 12-орынға жайғасқан.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар