date

ПСЖ қақпашының бұрынғы жұбайы тағы да ақша талап етті


Францияның ПСЖ клубы мен Ресей құрамасының қақпашысы Матвей Сафоновтың бұрынғы жұбайы Анастасия Казачёк тағы да қаржылық талап қойды. Бұл туралы Sport Baza хабарлады.

Дереккөздің мәліметіне сәйкес, Анастасия Сафоновтан алимент бойынша сот шығындары үшін 6 миллион рубль талап етуде. Белгілі болғандай, ол Мәскеу қаласындағы Никулин сотына 4 миллион және Краснодар сотына 2 миллион рубль жұмсаған.

Шығындар тізіміне тіпті оның адвокатының азық-түлік пен жанармайға жұмсаған қаражаттары да қосылған. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың жазында Сафонов бұрынғы жұбайына алимент бойынша толық қарызын – 64 миллион рубльді төлеп, мәселені жапқан болатын.

Сонымен қатар, 26 жастағы Сафонов осы маусымда Францияның ПСЖ клубында бірде-бір ойында алаңға шыққан жоқ.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » ПСЖ қақпашының бұрынғы жұбайы тағы да ақша талап етті