date

Ули Хёнесс Гарри Кейн туралы пікір білдірді


Бавария клубының құрметті президенті және Германия футболының аңызы Ули Хёнесс мюнхендік шабуылшы Гарри Кейн туралы пікірлерімен бөлісті. "Маған оның ең ұнайтын қасиеттерінің бірі – бастапқыда ол тек айып алаңында доп күтіп тұратын қарапайым шабуылшы болатын.

Алайда бүгінгі таңда ол шабуылды аяқтай алатын плеймейкерге, алаңдағы басқа ойыншыларды шабыттандыратын мінез-құлықты футболшыға айналды", — деді Хёнесс Kicker басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, Кейн "Бавария" сапында өткен маусымнан бері ойнап келеді.

Қазіргі маусымда ол барлық ресми жарыстарда 23 гол соғуға қол жеткізді. Олардың 13-і Бундеслиганың 10 матчынa, 5 голы Чемпиондар Лигасы аясында, 4 голы Германия Кубогында және 1 голы Суперкубокта соғылған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Ули Хёнесс Гарри Кейн туралы пікір білдірді