date

Италия құрамасы әлем чемпионатына шығуы шарт


UEFA аймағынан Әлем чемпионатына қосымша жолдама беретін плей-офф ойындарының жеребе тастау рәсімі бейсенбі күні өтті. Италия құрамасы жартылай финалда Солтүстік Ирландиямен кездеседі.

Егер "Скуадра Адзурра" бұл қарсыласын өзінің алаңында жеңсе, финалда сырт алаңда Уэльс пен Босния және Герцеговина арасындағы ойынның жеңімпазымен ойнайды. Жеребе нәтижесі туралы "Euro-Futbol.Ru" басылымына "Фиорентина" клубының бұрынғы футболшысы Марко Наппи өз пікірін білдірді.

"Солтүстік Ирландия мықты қарсылас, бірақ Италия Әлем чемпионатына шығуы тиіс. Ешкім құраманың қатарынан үшінші әлемдік додаға шыға алмауын елестете алмайды.

Команданың барлық мүшелері оларға жүктелген жауапкершілікті жақсы түсінеді," – деді Наппи. Естеріңізге сала кетейік, Италия құрамасы 2018 және 2022 жылдардағы Әлем чемпионатына шыға алмаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Италия құрамасы әлем чемпионатына шығуы шарт